Зарина Диас Жапониядағы жарыстың жартылай финалына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Гифу қаласында өтіп жатқан Kangaroo Cup International Ladies Open Tennis 2019 турнирінің жартылай финалына шықты.
Зарина, бүгін ширек финалда жергілікті теннисші Куруми Нарамен кездесті. Қарсыласы – әлемдік рейтингте 168-орында орналасқан.Алғашқы сетте Нара жеңіске жеткен еді. Ол екі брейк жасап, 6:2 есебімен бірінші сетті өз пайдасына шешті. Екінші кезеңде екеуі де аянып қалған жоқ. Тай-брейкке дейін жалғасып, шешуші сәтте Зарина басым түсті (7:6).
Ал соңғы сетте Диас кездесу тізгінін өз қолына алып, 6:2 есебімен қарсыласының осал тұсын тапты.
Енді, ол финалдың жолдамасын әлемнің 314-ракеткасы Мэддисон Инглиспен сарапқа салады.
Айта кетейік, отандасымыз алғашқы айналымда АҚШ теннисшісі Джейми Лобты ( 6:0, 6:1), одан кейін қытайлық Юань Юэ (7:5, 6:2) жеңген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Қостанай-Рудный» жол учаскесінде жөндеу жұмыстары басталды
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы