Зарема Шаукенова: ТЖ біткенімен, карантинді әлі де қатаң сақтауымыз керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенова ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі мәлімдемесіне қатысты өз пікірін білдірді. 

Сонымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 27 сәуірдегі мәлімдемесінде айтылған оқиға орын алды. Дәлірек айтсақ, бүгін төтенше жағдай алынып тасталды. Алайда, қоғамдық қауіпсіздік үшін карантин режиміне байланысты шараларды сақтау өте маңызды. Қасым-Жомарт Кемелұлы "қазақстандықтар біртіндеп қалыпты өмірге оралады" деген үміт білдірді. Бұл біздің ұзақмерзімді стратегиялық даму жолымыз екенін атап өтті. Төтенше жағдай режимінің аяқталуын бәріміз қалай күтуде екенімізді, сол қалыпты өмірге қалай оралғымыз келетінін айтудың да қажеті жоқ шығар, - деді институт директоры.

Ол карантин кезінде адамдар шамалары келгенше, бір-бірлерімен байланыста болғандығын айтты. 

Француз жазушысы және әскери ұшқыш Антуан де Сент-Экзюпери өзінің "Адамдар жері" (1939) атты еңбегінде қанатты болған сөздерін жазды: "Жалғыз нағыз байлық – бұл адамдар арасындағы қарым-қатынас байлығы". Қазақстандағы төтенше жағдайдың 50 күннен астам уақытқа созылу кезеңінде атақты француздың ең әйгілі дәйексөзінің әділеттілігі бәрімізге дәлел болды. Адамдардың қарапайым қарым-қатынасы пәтерлерде және үйлерде қамалған қоғамның кішкене ұяшықтарына дейін тарылды. Туыстарымыз, достарымыз, көршілеріміз, әріптестеріміз, COVID-19-ға дейін күнделікті қарым-қатынаста болған әртүрлі адамдар – олармен жүздесу нағыз байлыққа айналды. Өйткені қашықтан, алыстан, zoom, скайп, телефон бізге байланысуға мүмкіндік бергенмен, адаммен жанды, тікелей қарым-қатынасты алмастыра алмады, - деді Шаукенова. 
Институт директорының айтуынша, оқшаулану отбасылық қарым-қатынас беріктігінің, стреске қарсы тұрудың, өзіңнің және басқаның өмірі үшін жауапкершіліктің, ережелерге бағынудың, дүрбелеңге бой алдырмау және оны таратпаудың күрделі сынағына айналды.
Біздің әрқайсымызда карантин кезінде бастан өткерген психологиялық сынақтарымыздың, жоғалтуларымыз бен табыстарымыздың өзіндік тізімі, ерекше тәжірибесі бар деп ойлаймын. Мемлекет басшысының 19 наурыздағы төтенше жағдайды енгізу және одан әрі ұзарту туралы шешімдерінің арқасында біз әлемде жасай алмаған маңызды нәтижеге қол жеткіздік, яғни қауіпті вирустың таралу жылдамдығын азайттық. Сондықтан, бүгінде көптеген мемлекетте қатаң карантиндік шаралар және төтенше жағдай режимі сақталуды, - деді Зарема Шаукенова.

Ол Қазақстанда ауқымды жұмыс атқарылуының, бұрын-соңды болмаған ұйымдастырушылық, қаржылық шаралар қабылдануының, адами ресурстар мен азаматтардың қолдауының арқасында төтенше жағдайды 11 мамырда тоқтату жоспарланғандығын айта кетті.

Біздің азаматтарымыздың, дәрігерлеріміздің өмірі мен денсаулығының құнымен, алапат күш-жігердің арқасында ауыздықталған COVID-19 бұдан әрі таралуына ешқандай жағдай  мен мүмкіндік берілмеуі үшін барлығын жасау керек. Бұл қалай жасалатынын біз жақсы үйреніп алдық. Жаңа рецепттер жоқ. Бетперде кию, жұмыс орнын дезинфекциялау, қолды жуу, әлеуметтік қашықтықты, әсіресе адам көп жиналатын жерлерде сақтау. Елдің барлық аймақтарындағы барлық туыстарды аралау, кең байтақ еліміздің барлық қалалары мен ауылдарынан барлық достарды жинау, яғни бұған дейін шектелген барлық нәрселердің бәрін бір уақытта жасаудың қажеті жоқ. Бұл төтенше жағдайдан шығудың жолы – карантин шараларын қатаң сақтау, - деді институт директоры. 

Зарема Шаукенова төтенше жағдай кезінде карантин талаптарына күмәнмен қарағандарға қатысты ойын айтты.

Әрине, төтенше жағдай кезінде осы талаптарға күмәнмен қараған және оларды түрлі жолдармен бұзған қоғамның кейбір тобынан бұны күту қиын. Әйтсе де, әкімшілік мәжбүрлеудің әсері, әлеуметтік айыптау және басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына немқұрайдылықпен қарайтын адамдарға мүлдем төзбеушілік біздің жаңа жағдайдағы өмірдің маңызды бөлігі болуы керек. Бұл жағдайда тағы да Антуан де Сент-Экзюпериді, оның "Таңертең ояндың – планетаңды тазала" атты әңгімесіндегі басты кейіпкер Кішкентай ханзаданы қалай еске түсірмеске. Ол жерде ары қарай – "Әйтпесе оны баобаб басып кетеді" деп айтылады. Егер біз барлығымыз өз планетамызды тазаламасақ, біздің елімізге, бір-бірімізге қалай болса солай қарасақ, ол шынымен де қорқынышты коронавируске толып кетуі мүмкін. "Карантин" сөзі бастапқыда "қырық күннен тұратын уақыт" дегенді білдіретінін енді көпшілік біледі (италь. quaranta giorni - "қырық күн"). Алайда, карантин кезеңдері өте әртүрлі және ол бұдан аз немесе әлдеқайда көп болуы мүмкін. Ал зұлым COVID-19 жағдайында, әлі де біраз белгісіз мерзімде, дәлірек айтсақ қанша қажет болса сонша уақыт, бәріміз таңертең оянып, күні бойы барлық сақтық шараларын орындауымыз қажет, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы