Зардап шеккендердің арызын күтпей-ақ финпирамидалар анықталады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қаржылық мониторинг агенттігі басқарма басшысының орынбасары Андрей Давыдов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сөзінше, соңғы уақытта азаматтарды «қаржы пирамидаларына» тартудың өзекті мәселесі ҚМА-ның ерекше бақылауына алынды. Ол үшін арнайы жоба іске асырылып жатыр. Онда КРI ретінде – «қаржы пирамидасының өмірлік циклін қысқарту және олардың салымшыларын барынша азайту» белгіленді.

Міндетіміз - құқық қорғау органдарында бұрын қолданылғандай, жәбірленушілерден арызын күтпей, «жалған қаржылық» компанияларды олардың жұмыс істеуінің ерте сатысында анықтауды қамтамасыз ету. IT-құралдарды пайдалана отырып, интернетте құқыққа қайшы мазмұнды іздеу жүзеге асырылады, - деді ол.

Агенттік өкілі атап өткендей, қаржы пирамидаларының белгілері бар материалдар «Кибернадзор» жүйесінде бұғаттау үшін АҚДМ-ға жіберіледі. 

Құрылған алгоритм 2022 жылы қаржы пирамидалары белгілері бар 6,5 мың сайт пен аккаунтты бұғаттауға мүмкіндік берді. Биыл бұғаттауға 2,5 мың сілтеме енгізілді, оның ішінде 949 бұғатталған. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 600 болған, - деп түсіндірді агенттік төрағасының орынбасары брифингте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: sputnik.kz
Өзгелердің жаңалығы