14 Қыркүйек 2026, 03:40
Фото: istockphoto.com
Зардап шеккендер бар: Астана – Петропавл тасжолында екі көлік соқтығысты
Жол апатынан зардап шеккен екі адам Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілді.
Астана – Петропавл автожолының 135-шақырымында екі жеңіл көлік соқтығысып, екі адам ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнына Макинск қаласының трассалық медициналық-құтқару пунктінің мамандары жедел жетіп, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Жол апатынан зардап шеккен екі адам Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілді.
ТЖД жүргізушілерді жол қозғалысы кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырды.