30 Тамыз 2026, 23:54
Фото: istockphoto.com
Зардап шеккендер бар: Алматыда екі көлік соқтығысты
Қазіргі уақытта апаттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Алматыда Төле би даңғылы мен Түркебаев көшесінің қиылысында BMW автокөлігі мен такси соқтығысты.
Алдын ала мәлімет бойынша, BMW Түркебаев көшесімен солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан. Қиылысқа жеткен кезде көлік таксимен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан BMW көлігінің екі жолаушысы медициналық көмекке жүгінді.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, жол-көлік оқиғасын тіркеді. Екі автокөлік те мамандандырылған айып тұрағына жеткізілді.
Қазіргі уақытта апаттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі.