Заңсыз жұмыс істеген 15 шетелдік анықталды
Шетелдіктерді жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жеке компания жалдаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматыда шетел азаматтарының заңсыз еңбек қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Түрксіб аудандық полиция басқармасының көші-қон қызметі мәлімдеді.
-Полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзуды тоқтатуға бағытталған рейдтер барысында заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 шетел азаматын анықтады. Тексеру көрсеткендей, шетелдіктерді жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жеке компания жалдаған. Біздің басты міндетіміз - заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану заңды бұзып қана қоймай, қауіп төндіреді. Рейдтік шаралар тұрақты түрде жалғасатын болады, - деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әскери прокурорлар үш конкурс нәтижелерінің күшін жойды
Өзгелердің жаңалығы