Заңсыз цифрлық майнингпен айналысқандар жауапқа тартылды
2021-2024 жылдар аралығында Щучинск қаласында құқық бұзушы жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, тиісті лицензиясыз криптовалюталарды өндіру бойынша цифрлық майнинг өндірісінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Бірінші сатыдағы сот құқық бұзушыны әкімшілік құқық бұзушылық объектілерін тәркілеу арқылы айыппұл салып кінәлі деп тапты. Алайда, сот әкімшілік құқық бұзушылықтың салдарынан алынған кірісті тәркілеуді қолданбады.
Апелляциялық саты Бурабай ауданы прокурорының өтінішін қанағаттандырып, құқық бұзушыдан мемлекет пайдасына қосымша 19 млн теңгеден астам қаражат тәркіленді, - делінген ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алаяқтық жасауға арналған 57 sim-box құрылғыcы анықталды
Келесі жаңалық
Ит абайсызда өзінің қожайынына оқ жаудырды
Өзгелердің жаңалығы