Заңсыз талабы орындалмаған мұнайшылар өз-өзіне қол салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 маусым күні сағат 15: 00-де "Өзенмұнайгаз" АҚ ғимаратының алдына бір топ адам жиналып, жалпы кезектен айналып өтіп, компанияға жұмысқа орналасуды талап етті, деп хабарлады Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Талаптары орындалмайтынын білгеннен кейін С.К. және С.Т. (бұрын сотталған) есімді екі азамат алдыңғы құрсақ қабырғасы мен иық жанынан ұстара пышағымен (лезвия) дене жарақатын келтірді (терең емес). Екеуі де қалалық ауруханаға жеткізілді.

Оларды дәрігерлер қабылдау бөлмесінде тексерді. Өмірлеріне қауіп жоқ. Ауруханаға түскендердің бірі емделуден бас тартып, ауруханадан шығып кетті, - делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған азаматтар бұрын арнайы оқудан өтіп, 1 маусымда жалақысы 250 мың теңге болатын жеке компанияға жұмысқа орналасқан болатын.

Оларға мұнай-газ саласына жұмысқа орналасу қабылданған алгоритмге сәйкес, жалпы кезек тәртібімен жүріп жатқаны жөнінде бірнеше рет түсіндірілген болатын. Алгоритмді бұзып, кезектен тыс жұмысқа орналасу басқа жұмысқа орналасуға үміткерлерге әділетсіз болады, - деп хабарлады Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы