Заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заңды мемлекеттік органдар «Ақ жол» партиясының талабынан 10 жылдан кейін әзірледі

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заңды мемлекеттік органдар «Ақ жол» партиясының талабынан кейін 10 жыл өткен соң әзірледі, деді Азат Перуашев Алматыда өткен Демпартия митингісінде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдың қаңтарында үкіметте заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы Жемқорлықпен күрес агенттігі дайындаған заң жобасын қаралды. Бұл жақсы жаңалық, бірақ «Ақ жол» партиясының депутаттары мұндай шешімдерге қол жеткізу үшін 10 жылын  сарп етті.

Атап айтқанда, 2013 жылы «Ақ жол» партиясының депутаттары Ұлттық банктен Кипрде тәркілеуге ұшыраған қазақстандық капитал туралы сұраса, 2014 жылы үкіметтен ұлттық құқықты қорғауға бағытталған капиталдар амнистиясын Қазақстанның мүддесін қорғап, елден қаражатты бақылаусыз шығаруға кедергі келтіретін бірқатар шаралармен толықтыруды талап етті. 

Атап айтқанда, оффшорлық критерийлерге жататын елдермен қосарланған салық салуды болдырмау туралы барлық келісімдерді қайта қарау.

Салық ақпаратын алмасу бойынша оффшорлық юрисдикциялармен келісімдер жасау бойынша жұмысты жандандыру. Көптеген елдердің салық органдары оффшорлық есепшоттар мен компаниялардың түпкілікті бенефициарларын білгісі келеді, Қазақстан да бұдан тыс емес. Оның үстіне бірқатар батыс елдері мұндай аймақтардағы банктердің көпшілігін шот иелері туралы ақпаратты жария етуге қол жеткізіп қойған.

2014 жылдың 16 сәуіріндегі, 2015 жылдың 13 мамырындағы, 2017 жылдың 17 қарашасындағы және өзге де депутаттық сауалдарында «Ақ жол» үкімет мүшелері мен ұлттық компаниялар басшыларының банк счеттарына қатысты банктік құпия ұстанымын жоюды ұсынған, себебі, оларға мемлекеттің қыруар қаржысын басқару сеніп тапсырылған.

Үкімет мен Бас прокуратураға қазақстандықтардың Швейцариядағы счетынан бастап, оған дейін «Панама досьесі» мен «Жұмақ тізімі» бойынша заңсыз шығарылған қаржы мәселесіне қатысты барлығы оннан астам сауал жолданған (2016-2017 жж). 

2018 жылдан бастап «Ақ жол» демпартиясы халықаралық тәжірибеге сәйкес (Ұлыбритания) сыбайлас жемқорлықтың маңызды белгілерінің бірі ретінде заңнамаға «шыққан дерегі белгісіз байлық» ұғымын енгізуді ұсынды. Заңдылығы дәлелденбеген мұндай байлық мемлекет пайдасына алынуы керек.

Осындай талап «Ақ жол» демпартиясының Саяси бағдарламасында да бар. Осы жылдар бойы мемлекеттік органдар түрлі сылтаулармен «Ақ жол» партиясының мұндай бастамаларына қолдау көрсетуден бас тартып, біресе банктік құпияны, біресе кадр тапшылығын желеу қылды.

2022 жылғы 26 қарашада Президент Қ.Тоқаев үкіметке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дайындаған заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды.

А.Перуашев «Ақ жол» демпартиясының бұл құжатты қолдауға дайын екенін мәлімдеп, фракция шешімнің қабылдануына ұмтылған 10 жыл ішінде елден жаңа миллиардтардың шығарылғанына өкініш білдірді.

*Материалдың ақысы «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлау қорынан төленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы