Заңсыз қоқыс үйінділері азайып келеді – министрлік
Экология және табиғи ресурстар министрлігі заңсыз полигондардың алдын алу, анықтау және жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Соның нәтижесінде соңғы жылдары елдегі заңсыз қоқыс үйінділерінің саны азайып келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, 2020 жылы ел аумағында 8 884 заңсыз қоқыс үйіндісі тіркеліп, олардың небәрі 66%-ы ғана жойылса, 2024 жылы көрсеткіш айтарлықтай жақсарған. Қазіргі таңда анықталған үйінділердің 93%-ы жойылды.
Биыл ғарыштық мониторинг деректері бойынша 2 707 қоқыс үйіндісі тіркелді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай аз. Дегенмен, жою сапасы бойынша мәселе сақталып отыр – бүгінгі күні олардың тек 672-сі немесе 24%-ы ғана жойылды, – деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы