Заңсыз ойын бизнесі: Қылмыстық топ 15 млн теңге табыс тапқан

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы мен Алматы облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған бір топ адамды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

4 ойын мекемесі мен 14 ойын нүктесі жойылды. 48 ойын терминалы мен 32 компьютерлік техника тәркіленді. Қылмыскерлер 15 миллион теңгеден астам сомаға табыс тапқан. 

Сот үкімімен бес айыпталушы 2 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 

ҚМА Қылмыстық кодекске сәйкес ойын бизнесін ұйымдастыру, сондай-ақ ойын ойнауға үй-жайларды бергені үшін қылмыстық жазаны қарастыратынын ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: unsplash
Өзгелердің жаңалығы