Заңсыз майнинг: 237 мың доллар криптовалютаны қолма-қол ақшаға айналдырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда цифрлық майнингтің көлеңкелі субъектілерін анықтау іс-шаралары жалғасуда. Бұл жолы елорданың өндірістік базаларының бірінде тағы бір майнинг фермасы анықталды. Бұл туралы ҚР ҚМА баспасөз қызметі хабарлады.
Майнингке арналған 56 бірлік жабдық табылды. Ақшалай түрде өндірілген криптовалютаны 237 000 доллар көлемінде қолма-қол ақшаға айналдырылғаны расталды, – делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомство тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.
1 наурызда Түркістан облысында да майнингтің көлеңкелі фермасы анықталғаны белгілі болды.
2899 бірлік көлемінде жабдық табылды. Оның болжамды құны - 1 млрд теңгеден асады, – деп қосты агенттік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыдағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы