24 Ақпан 2025 2025, 12:15
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді
ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға күдікті бір топ адамның әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала деректер бойынша, олар жақын шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен астам заңсыз рұқсат ресімдеген.
Тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленген.
Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігі, 394-бабының 2-бөлігі және 366-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.