Заңсыз балық аулағандарға 20 млн теңгеден астам айыппұл салынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 20 миллион теңгеден аса әкімшілік айыппұл салынған.
Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы мәлімдеді.
Балық ресурстарын сақтау мақсатында полиция және шекара қызметінің күшімен браконьерлікпен күреске бағытталған іс-шаралар күн сайын өткізіледі. Сол жұмыстардың нәтижесінде осы жылы өңірде балық қорғау заңнамасын бұзған 1 886 факт анықталды. Оның ішінде 1 050 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 20 миллион 724 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, - деді Артур Сәдібекұлы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жаңа мүшелері сайланды
Өзгелердің жаңалығы