Заңсыз айналымнан 41 млн теңгенің контрафактілік өнімдері тәркіленді

Алматыда сот шешімімен құқықбұзушыларға 5 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қалалық жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы Айдын Қайдаров мәлімдеді.

Тауар таңбасын заңсыз пайдалану фактісі бойынша кезектен тыс 80 тексеріс жүргізілді. Оның 75-і сотта қаралды, 5 әкімшілік іс қаралуда. Заңсыз айналымнан 41 млн 433 мың 748 теңгені құрайтын 39 265 бірлік контрафактілік өнімдер тәркіленді. Сот шешімімен құқықбұзушыларға 5 865 348 теңге айыппұл салынды. Жыл басынан бері Әділет департаменті 2 870 000 теңгені құрайтын «WD-40» сауда белгісінің заңсыз бейнесі бар 12 000-ға жуық контрафактілік өнімді тәркіледі. Сот қаулысына сәйкес кінәлі тұлғаларға айыппұл салынып, тәркіленген тауар жойылды, - деді Айдын Қайдаров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы