Заңсыз айналым. Алматыда 55 мыңнан астам электронды темекі табылды

Алматыда электронды темекіні заңсыз сату арнасы жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Электронды темекіні (вейп) заңсыз көтерме саудалау қызметінің жолын ҚМА Алматы қалалық департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен жүргізді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалада электронды темекіні заңсыз көтерме сатқан сауда және қойма үй-жайлары анықталды. Тінту кезінде жалпы сомасы 80 млн теңгеден асатын 55 мыңнан астам электронды темекі табылып, тәркіленді, - делінген ҚМА таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы