17 Қараша 2022 2022, 08:22

Заңсыз ауланған 300 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Маңғыстау облысында заңсыз ауланған 300 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысында заңсыз ауланған 300 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының аумағында 26 ықшам ауданда Lexus маркалы автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында 76 дана бекіре тұқымдас балықтар табылды, олардың жалпы салмағы 302 келіні құрады, – делінген Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған күдіктілер – 32 жастағы азамат пен 44 жастағы азаматша.