Заңсыз әрекет жасағаны үшін ешкім жауапкершіліктен құтыла алмайды – Қошанов
Бұл заң ел игілігіне жұмыс істейтініне еш күмәнім жоқ. Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобасын қабылдау кезінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бүгінгі отырыста өте маңызды заң жобасы қабылданғанын айтты.
Басты мақсаты – әлеуметтік әділдікті орнату. Бұл жұмыс ауқымды реформалар аясында Президенттің пәрменімен іске асып жатыр. Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында да аталған мәселеге басымдық берілді. Біз бүгін осы заңды қабылдау арқылы үлкен қадам жасадық. Бір нәрсе айқын – заңсыз әрекет жасағаны үшін ешкім де жауапкершіліктен құтыла алмайды, - деді палата спикері.
Ол атап өткендей, шетел асқан активтерді елге қайтару үшін бұл заң қажетті тетік пен мүмкіндікті қарастырып отыр.
Заң жобасы жан-жақты талқыланды. Айтылған ұсыныстың барлығы заңда ескерілді. Сондықтан бұл заң ел игілігіне жұмыс істейтініне еш күмәнім жоқ, - деп айтты Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында.