Заңсыз аңшылық фактісін табиғат қорғау инспекторлары анықтады

Бақанас ауылында «Охотзоопром ӨБ» инспекторлары жүргізген рейд барысында автокөлік тоқтатылып, тексерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру барысында автокөліктің ішінен елік тәріздес аң етінің және де 2 дана 16 калибрлі аңшылық қаруы мен бір дана жарық бергіш шам тәркіленді. 

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін дәлелдейтін жеткілікті деректердің бар екенін ескере отырып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Материалдар Балқаш аудандық полиция бөліміне жіберілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы