Қазақстанға 800 литрге жуық заңсыз алкоголь кіргізбек болғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 8 шілдеде шұғыл іс-шаралар барысында Ресей Федерациясынан Қазақстанға «Қайрақ» автокөлік өткізу бекеті арқылы алкоголь өнімдерін алып өту әрекетінің жолын кесті.

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құрамында спирті бар шыққан тегі белгісіз сұйықтық 4 және 5 литрлік пластикалық ыдыстарға құйылған, рұқсат құжаттары (алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудалау лицензиясы, ілеспе құжаттары) жоқ.


«Барлығы құны 1,5 млн теңге болатын, жалпы көлемі 792 литр 183 ыдыс контрафакт алынды. Жауапты тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 463 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік іс толтырылып сотқа жіберілді», - деп хабарлады комитетте.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы