Заңсыз активтерді мемлекетке қайтару нормалары қандай

2023 жылғы 12 шілдеде «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заңның мақсаты - активтерді қайтару, оларды заңды экономикалық айналымға тарту, шығарудың себептері мен жағдайларын жою және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру.

Активтер ерікті түрде (келісімдер жасасу жолымен) не мәжбүрлеу тәртібімен (пайда болуы түсініксіз активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы талап қою жолымен) қайтарылуы мүмкін.

Қойылған міндеттерді іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті құрылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы