Заңсыз 80 мың ампула дәрі-дәрмекті елге кіргізбек болған
Дәрі-дәрмектерді заңсыз тасымалдаудың жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылғы 16 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысының «Алтынкөл» теміржол өткізу пунктінде дәрі-дәрмектердің ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті.
Қайдан келгені белгісіз 80 000 ампула мөлшеріндегі ілеспе құжаттары жоқ дәрілік заттар теміржол контейнерінен табылды.
Жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық экономикалық тергеу департаментіне берілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Мектепке жол». Қайырымдылық акциясы жалғасуда
Келесі жаңалық
Апта басындағы валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы