Көші-қон заңнамасын бұзған өзбекстандық Қазақстаннан шығарылды

Атырау болысы, BAQ.KZ. Атырау облысының Исатай аудандық соты көші-қон заңнамасын бұзған өзбекстандық азаматты Қазақстан аумағынан шығарды. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау облысының Исатай аудандық сотында арыз беруші Исатай аудандық полиция бөлімінің Өзбекстан Республикасының азаматы К.-ны Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

"Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматы К. бір жыл ішінде бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер жасап, сол үшін оған қатысты ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігімен, 440-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалып, нәтижесінде оған айыппұл салынған" - делінген хабарламада.

Сотта К. заңнама талаптарын бұзғанын мойындап, арызбен келісетінін айтты.

Сот шешімімен арыз қанағаттандырылып, шетелдік К. көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен шығарылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы