Заңгер: Өзгеріс жасаймын десе халықтың мал бағатын жерін қайтарудан бастасын
Бұл пікірді заңгер, Еуропалық құқық пен адам құқығы сараптамалық институтының директоры Марат Башимов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қаңтар оқиғасынан кейін біршама өміріміз өзгерді. Оның ішінде ішкі саясатта ауқымды өзгерістер болды. Адамның құқықтарын қорғайтын Конституциялық реформалар өтті. Негізі, қазіргі таңда елімізде заң үстемдігін бірінші орынға қойылып отыр. Соның ішінде әділдік пен теңдік мәселелері жиі талқыланып жатыр. Өйткені бай мен кедейдің аражігінің ажырауы мен жемқорлықтың өршуін халық көтермейді, - деді Башимов.
Айтуынша, қазіргі Парламент биыл толығымен ауысуы керек.
Заңгер ретінде айтар болсам, елімізде демократия процесі енді басталып келе жатыр. Мемлекеттік институттардың өзі бұл іске былтыр ғана кірісті. Менің ойымша, ендігі Парламент бүкіл заңдарды қайта қарастырады. Себебі, көп заңдар олигархтарға, олигополияға арналып, қабылданған заңдар. Ал ол заңдар қазіргі таңда халықты қорғау қажет еді. Сол себепті жалпы әр салада көп нәрсе өзгеріп кету керек деп ойлаймын, - деді Марат Башимов.
Сонымен қатар Башимов нақты өзгерістерді ауылдық жерден бастау қажет екенін алға тартты.
Ауыл халқы жер мәселесін жылда көтереді. Олар мал бағатын жерін қайтарғысы келеді. Оны қайтарғанның өзі өзгеріс болатын еді. Бүгінгі таңда халық нақты шешімдерді күтіп отыр, - деді ол.