29 Қазан 2024 2024, 21:48 Фото: ашық дереккөзден

Заңгер Айгүл Орынбектің ұсталғаны жалған

Шымкентте заңгер, блогер Айгүл Орынбек ұсталды деген ақпарат тараған. Дегенмен Шымкент полициясы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкентте заңгер, блогер Айгүл Орынбек ұсталды деген ақпарат тараған. Дегенмен Шымкент полициясы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қаласының полиция департаменті Айгүл Орынбекті ұстамағанын хабарлаймыз,- деп жазды Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін журналист Михаил Козачков Шымкентте блогер Айгүл Орынбек ұсталды деп жазды.