Заңды екі рет бұзған атыраулық жазаға тартылды

Атырау облысы Жылыой аудандық сотында арақ ішу және қоғамдық орында мас күйде жүру дерегі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық ісі қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Күлсары қаласының 48 жастағы тұрғыны, бұған дейін де осындай құқықбұзушылық үшін жауапкершілікке тартылған болатын. Алайда, 2025 жылғы 17 маусымда ол тағы да қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін ұсталды. Куәгерлердің айтуынша, ер адамның әрекеті қоғамдық моральға қайшы болған.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толық мойындап, өкініш білдіріп, қоғамнан кешірім сұрады. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабы, 3-бөлігіне сәйкес, мұндай әрекет үшін 10 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген,  - делінген ақпаратта.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады. Алайда сот қаулысы заңды күшіне әлі енген жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы