Заңды бұзған елордалық кәсіпкер қомақты айыппұл арқалады
Заңсыз жұмыс істеген елордалық кәсіпкерге қомақты айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласының Әділет департаментіне сілтеме жасап.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сот кәсіпкерді кінәлі деп танып, оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 158-бабымен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы шешім қабылдады. Оған 103 376 (жүз үш мың үш жүз жетпіс алты) теңге мөлшерінде мемлекеттік бюджетке түсетін әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ ЖШС-тен компанияның құқықтарын бұзғаны үшін 3 500 000 миллион теңге өтемақы, өкілдік шығындар үшін 350 000 (үш жүз елу мың) теңге, сараптама төлемі үшін 500 000 бес жүз мың теңге, мемлекеттік баж 108 692 (жүз сегіз мың алы жүз тоқсан екі) теңге көлемінде өндіріп алынды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Сотта кәсіпкерге басқа заңды тұлғаға тіркелген тауар белгісімен тауарларды құқық иесінің рұқсатынсыз сатуға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік желілерде жарнама орналастыруға да тыйым саналатыны ескертілді.