Заң және тәртіп: Антикор проблемалық аймақтар мен қоғам пікіріне назар аударады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали ведомствоның жұмысы заңдылықты қатаң сақтауға негізделетінін, көрсеткіштерді қуаламайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, әрбір санның артында адам тағдыры тұр, ал басты бағыт – азаматтар мен бизнестің мүдделерін қорғау, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы бірнеше рет тәртіпті қамтамасыз ету мәжбүрлеу шараларынсыз мүмкін еместігін атап өткен, бірақ ең маңыздысы – заңдылықты сақтау. Дәл осы қағида “Заң және тәртіп” тұжырымдамасын іске асырудың негізіне алынған.

Біз көптен бері көрсеткіштерге ұмтылудан бас тарттық. Жұмыс өңірлердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын ескере отырып жүргізіледі, халықты алаңдататын ең проблемалық тұстарға көңіл бөлеміз, – деді Жұмағали.

Мысал ретінде ол Жезқазған мен Шығыс Қазақстан облысындағы жағдайды келтірді. Онда экология мәселелері өзекті болып, рұқсат беру кезінде жемқорлық тәуекелдерімен байланысты.

Антикор өз жұмысында жедел материалдармен қатар, азаматтардың ой-пікіріне да сүйенеді.

Біз әлеуметтік желілер, колл-орталық және жазбаша өтініштер арқылы келіп түскен шағымдарды ескереміз. Мұның бәрі адамдардың қалыпты өміріне кедергі келтіретін мәселелерді анықтап, жоюға көмектеседі, – деп толықтырды агенттік басшысы.

Осы жұмыстың нәтижесінде бірнеше өңірде жемқорлыққа жол берген жоғары лауазымды тұлғалар анықталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы