Заң үстемдігінің қамтамасыз етілуі – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі
Бұл туралы Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты қоғам арасында терең орныққан құндылықтардың иерархиясына арналған әлеуметтік зерттеу жүргізді.
Сауалнама нәтижесіне сәйкес "Заң және Тәртіп" қағидаты азаматтарымыз үшін аса маңызды саналатын жалпыұлттық құндылықтар қатарына енді ("Әділдік" – 84,1%, "Заң және Тәртіп" – 83,5%, "Еңбек" – 83,4%).Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде "Заң және Тәртіп" қағидатын одан әрі орнықтыру және құқықбұзушылықтың кез келген түріне "мүлдем төзбеушілік" ұстанымын қалыптастыру қажеттігіне баса назар аударғаны тегін емес, - дейді ол.
Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, заң үстемдігінің қамтамасыз етілуі және оны бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі.
Сондықтан әлемнің көптеген елінде тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуға деген қоғамдық сұраныстың өзектілігі артып келеді,- дейді Мемлекеттік кеңесшісі.