21 Қараша 2026, 19:52 Фото: instagram.com

«Заң үстемдігі, жауапкершілік»: Өңір тұрғындары заң алдындағы теңдік қағидатын қолдайды

Наталья Перцева Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлықпен күрес, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі және заң үстемдігі туралы мәлімдемелерін атап өтті.

Абай облысының журналисі, «Объектив Восток» ақпарат агенттігінің бас редакторы әрі облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Наталья Перцева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың III Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері форумындағы сөзіне қатысты Facebook парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол өз жазбасында заң алдында барлығының тең болуы керектігіне назар аударды.

Наталья Перцеваның пікірінше, Мемлекет басшысы ешбір лауазым, мәртебе немесе бұрынғы еңбегі адамның жасаған әрекеті үшін жауапкершіліктен босатпайтынын тағы да атап өтті.

Журналист Президенттің сыбайлас жемқорлықпен жүйелі күресті жалғастыру туралы сөзіне де тоқталды. Оның жазуынша, өз міндетіне салғырт қарайтын басшылар қызметінде қалмауы керек. Ал мемлекеттік қызмет ең алдымен қоғам алдындағы жауапкершілікті талап етеді.

Перцева «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына да жеке тоқталған. Оның айтуынша, бұл бастама қоршаған ортаның тазалығымен ғана шектелмейді. Ол адалдық, парасаттылық, заңды құрметтеу және қоғам алдындағы жауапкершілік сияқты құндылықтарды да қамтиды.

Қуатты мемлекет заң үстемдігінен басталады, – деп түйіндеді журналист өз пікірін.