Заң мен тәртіп үстем елде ғана әділ қоғам орнайды
Мемлекет басшысы "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құру үшін аса маңызды тетік екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан қауіпсіз ел болуы керек. Сондықтан "Заң мен тәртіп" қоғамымыздың басты қағидаты саналатын болды. Осы жұмыстың аясында жемқорлыққа қарсы күресті жалғастырып, күшейтеміз, онсыз Әділетті Қазақстан туралы айтудың өзі қисынсыз. Соңғы бес жылда қылмыс саны және көшедегі бұзақылық едәуір азайды, қылмыстық ахуал қатаң бақылауға алынды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары азаюда, еліміздің бұл мәселеге қатысты тәжірибесіне шетелдік сарапшылардың ықыласы күшейді. Түптеп келгенде, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құру үшін аса маңызды тетік, - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы