Заң қабылданды. Енді министрліктерде тағы да өзгерістер болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, басты мақсат - мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді одан әрі қайта бөлу. Сондай-ақ алдыңғы әкімшілік реформаларды жалғастыру.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын, стратегиялық құжаттарда және сарапшылардың ұсынымдарында айқындалған басымдықтарды ескере отырып дайындалды. Оны әзірлеу кезінде орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік функцияларды талдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Жалпы, заң жобасын қабылдау мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруда кезекті қадам болады және оның дербестігін одан әрі арттыруға ықпал етеді. Заң жобасы басқару деңгейлері арасындағы нақты өкілеттіктерін ажырату бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған, - дейді Әсет Ерғалиев.

Заң жобасы шеңберінде 94 функция қайта бөлінеді, оның ішінде: 

- Үкіметтен министрліктерге 89 функция беріледі; 

- Жергілікті атқарушы органдарға 5 функция беріледі;  

- 4 мемлекеттік органға қосымша өкілеттіктер беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы