Заң бұзған жекеменшік мектептер жабылады – министр
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова талапқа сай жекеменшік мектептер жұмысын жалғастыратынын, ал заң бұзғандар жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сүлейменованың айтуынша, заң талаптарына толық сәйкес келетін жекеменшік мектептер өз жұмысын жалғастыра береді, ал сапасыз және заңсыз қызмет көрсетіп келген білім беру ұйымдары жабылады.
Мемлекет өз міндеттемелерін толық орындайды. Алайда он жылдан бері ғимараттарын мақсатты пайдалануға қатысты құжаттарын заңдастырмаған, сондай-ақ белгіленген талаптарға сай келмейтін жекеменшік мектептер бұдан әрі жұмыс істемейді, - деді министр.
Жұлдыз Сүлейменова бұл шешімді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң және тәртіп» қағидаты, сондай-ақ «Әділетті Қазақстан – әділетті мемлекет» тұжырымдамасы аясында қабылданған дұрыс әрі уақытылы қадам деп бағалады.
Бұған дейін министрлік жекеменшік мектептер неге қымбат екенін түсіндірген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түрмеден босатылған азаматтарға үй берілді
Өзгелердің жаңалығы