3 Маусым 2024 2024, 23:47 Фото: Алматы қалалық ПД

Заң бұзған Африка азаматтары елден шығарылды

"Заңсыз" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Алматының көші-қон қызметі Африка құрлығының 3 азаматын мәжбүрлі түрде елден шығарып, Отанына қайтаруды ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шетелдіктер Қазақстанда болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған. Атап айтқанда, олар заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот шешімімен мемлекетімізден шығару түріндегі әкімшілік жазаға тартылды, - деді, Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.