Түркістан облысында қызғалдақты жұлғандар заң арқылы жазаланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қызыл кітабына енгізілген «Грейг» және «Кауфман» қызғалдақтарын заңсыз жұлу, автожолдар бойында, басқа да орындарда сату жайттарын анықтау, алдын алу жолын кесу мақсатында биыл рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының аға инспекторы Нұрлан Тұманбаев мәлімдеді.
Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген «грейг» қызғалдағын жұлушыларға қатаң шара қолданылады.Сондай-ақ, Түркістан облыстық орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Хамит Жорабеков қызғалдақтарды қорғауға бағытталған шаралар бойынша тоқталды. Ал, Түркістан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының аға инспекторы Нұрлан Тұманбаев қызыл кітапқа енген «Грейг» және «Коуфман» қызғалдағын жұлушылар жауапқа тартылатындығын жеткізді.
«ҚР қызыл кітабына енгізілгеннен кейін «Грейг» және «Коуфман» қызғалдағын заңсыз жұлу ҚР қылмыстық кодексінің 339 бабында көзделген қылмыстық жауапкершілікпен қаралады. Құқықбұзушының әрекеті дәледенген жағдайда оған сот шешімімен 3 мың айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салу немесе бас бостандығынан айыру жазасына алып келіп соқтыруы мүмкін. Жыл басынан облыс тұрғындары заңсыз жұлған 57 дана қызғалдақ тәркіленді», - деді Түркістан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының аға инспекторы Н. Тұманбаев.
Сондай-ақ, Сырдария – Түркістан Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің туризм бөлімінің басшысы Ғани Назарбек табиғат аясында демалуға шыққан көпшілік әлеуметтік желіде қызғалдақтармен түскен суретін еш қымсынбастан жариялап жатқанын айтты. Сондай-ақ, баға жетпес жауһарымызды көздің қарашығындай сақтау қажеттігін жеткізді.