Сағынтаев: Мақсат – Алматыда заманауи көпфункционалды медициналық кешен салу

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев instagram-дағы парақшасында жазды.

Қала әкімі кезекті кездесу кезінде Алмалы ауданының тұрғындары уақыт пен қаржылық шығынды қажет ететін міндеттерді іске асыруға түсіністікпен қарағанын жазды.

«Олар - ескі үйлерді сүру, балабақшаларды жөндеу және мектептер жанынан қосалқы нысандар салу. Жаяу жүргіншілер аумағы мен демалыс орындарын кеңейту бойынша жұмыстар одан әрі жалғастыру ұсынылды», - деп жазды ол.

Сонымен қатар, ол кездесу барысында өте маңызды өтініш айтылғанын, яғни қалаға инсульттан кейінгі оңалту орталығын салу мәселесі сөз болғанын айтты.

«Бұл мәселе зерттелу үстінде. Мақсат — Алматыда заманауи көпфункционалды медициналық кешен салу. Кездесу кезінде әр үйге жауапты үлкендер белсенділік танытты. Бұл, әрине, жақсы, өйткені олар орын алған проблемаларды және оларды шешу жолдарын біледі. Тұрғын үйлер мен аулалардың жағдайын қадағалайды, ПИК-тердің жұмысын жақсартуға ықпал етеді. Жұмыстың мұндай үлгілерін тарату қажет», - деп жазды әкім instagram-дағы парақшасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы