Қазақстанда заманауи ирригациялық қондырғыларды шығаратын зауыт салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі мен Valmont Industries ТҰК АӨК саласында инвестициялық ынтымақтастықты іске асыру туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ҚР Үкіметі мен американдық компаниялардың ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимыл бойынша құжаттарға қол қоюына қатысты.
Жоба суару, су ресурстарын ұтымды пайдалану, жем-шөп өндіру, фермерлерді оқыту мен тренинг өткізу, білікті кадрар даярлау саласындағы озық технологиялар трансферті бойынша фермалар желісін құруға бағытталған. Заманауи ирригациялық қондырғылар ұсынылатын алаңдарды Ақмола және Түркістан облыстарында құру жоспарланған.
Өз кезегінде, Valmont Industries, Global Beef (АҚШ) және Kusto Group (ҚР) арасында қол қойлыған келісімнің мақсаты - Қазақстанда қуаттылығы жылына кемінде 1000 жүйе болатын, инвестициялар көлемі $50 млн құрайтын заманауи ирригациялық қондырғыларды шығаратын зауыт салу бойынша бірлескен кәсіпорын құру.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар қаласына жаңа әкім тағайындалды
Өзгелердің жаңалығы