28 Сәуір 2022 2022, 16:55

Закиржан Кузиев Мәжіліс депутаты атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясы саяси доданың алдын ала нәтижесін жариялады.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Орталық сайлау комиссиясы саяси доданың алдын ала нәтижесін жариялады.

Сайлауда Закиржан Кузиев 60,94% дауыспен жеңіске жетті. Оның қарсыласы Виталий Тварионасқа сайлаушылардың 30,12 пайызы дауыс берген.

Сайлауға бас-аяғы 425 адам қатысты.