Заң жобасы жануарларға қатысты жағымсыз жағдайларға тосқауыл қояды – вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Қазақстанда жануарларға ізгілікпен қарауды заңнамалық реттеу мәселелері жөнінде конференция өтіп жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында азаматтардың жануарларға деген қарым-қатынасы мәселесіне назар аударып, азаматтық сектормен бірлесіп жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы тиісті заң әзірлеуді тапсырған болатын,-деді Экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрағасы Айгүл Соловьева.Оның айтуынша, бұл - Қазақстандағы адамгершілік мәселелерін көтеретін тұңғыш ресми заң жобасы.
Заң бойынша жұмыс жүріп жатыр, оған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ХЭБ (ДЖҚҰ) өкілі, түрлі салалардың мамандары, зоологиялық қорғау және заң ұйымдарының өкілдері қатысып отыр, - деді ол.
Ал Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сәбит Нұрлыбаев жануарларды қорғауға қатысты заң жобасын әзірлеу тапсырмасы жалпыұлттық жоспардың 94-тармағына сәйкес келетінін айтты.
Ол тапсырманы орындау мақсатында біз азаматтық сектормен, өзге министрліктермен бірлесіп заң жобасын әзірледік. Қазір ол заң жобасы Президент Әкімшілігінде талқыланып жатыр. Заң жобасы қажеттілігінше пысықталды. Әлеуметтік желілерден жануарларға қатысты жағымсыз көріністерді бақылап отырмыз. Заң жобасы осындай жағдайларға тосқауыл қояды деп ойлаймыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«ТТС» ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты үкім шықты
Өзгелердің жаңалығы