Заң жобасы отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайын өзгертуі керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасын дайындау бойынша жұмысшы тобының жетекшісі Айгүл Нуркина заң жобасының ерекшелері туралы айтып берді.
Айгүл Нуркина ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өткен онлайн дөңгелек үстел барысында қазіргі таңда заң жобасы талқыланып жатқанын айтты.
Парламент депутататтарының бастамасымен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасы талқыланып жатыр. Заң жобасы әрекеттегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен қазіргі қоғамдағы оқиғалар негізінде әзірленді. Ол отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты жоюға бағытталған. Заң жобасы бойынша талқылау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жұмыс топтарына осы салада жұмыс істеп жатқан барлық қоғамдық ұйымдар қатысып жатыр, - деді ол.
Нуркинаның айтуы бойынша, талқылауға азаматтық қоғамның өкілдері де белсенді араласып жатыр.
Олар зорлық-зомбылықтың құрбандарына қатысты жұмыстың қыр-сырымен таныс. Ол бізге қажетті нормаларды әзірлеуге жәрдемдеседі. Яғни, өмірде болып жатқан шынайы оқиғалардың негізі басшылыққа алынады. Жұмыс тобының сарапшылары депутаттық корпуспен бірлесіп талқылауға негізделген құжаттарды ұсынады. Бұл азаматтардың құқығын, оның ішінде әйелдер мен балалардың , егде жастағы адамдардың құқығын қорғауға бағытталуы керек. Заң жобасы отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайына әсер етуі керек, - деді ол.
Айгүл Нуркина депутттар ұсынып отырған жаңашылдықтарды атап өтті.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы түсінік кеңейтілді. Ол зорлықтың барлық түрін қамтиды. Яғни, физикалық, психологиялық және экономикалық, сексуалды зорлық түсінігі енгізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оны болдырмау да қаралады. Сондай-ақ, құқық бұзғандарға да медициналық-психологиялық көмек көрсетіледі. Қылмыс жасағандарға мұндай кешенді көмек көрсету алғаш рет енгізіліп отыр, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нығматулин жоқта қоқысты өртейтін заң жобасы қабылданып кетті
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы