"Заңсыз зейнетақы рәсімдеді" деген шенеунік күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында аймақтағы тұрғындарға заңсыз зейнетақы рәсімдеу арқылы 36 млн теңгені ұрлаған шенеунік күдікке ілінді. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Тергеу департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Балғабеков айтты.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Павлодар облыстық департаменті  облыстық «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКК басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ол өзіне бағынышты тұлғалар тобымен жүйелі түрде облыс тұрғындарына зейнетақы төлемдерін заңсыз рәсімдеу және аудару арқылы 2006-2014 жылдары жалпы сомасы 36,4 млн теңге болатын бюджет қаражатын талан-таражға салу күдігіне ілігіп отыр», - дейді департаменті бастығының орынбасары. 

Бауыржан Балғабековтің айтуынша, күдікті шенеунік өз кінәсін толықтай мойындаған. Сондықтан процессуалды ұстау  шарасы қолданылмаған. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы