Заңнаманы бұзған 457 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да онлайн өткен баспасөз конференциясында айтты.
Бақылау мен тексерістер рейдтерінің нәтижесінде заңнаманы бұзған 457 лауазымды тұлға 65 млн теңге көлемінде жауапкершілікке тартылды. Бүгінде карантин талаптарын бұзған жеке тұлғаларға да әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 5 шілдеден бастап әкімшілік айыппұл 495 жеке тұлғаға 20 млн теңге көлемінде салынды. Талаптарды бұзу Алматы қаласы және Түркістан облыстарында кездесті. Негізгі бұзушылық жабық және қоғамдық көліктерде макса тақпауға қатысты болып отыр, - деді ол.
Есмағамбетова, өкінішке қарай, әлі де той, ұзату, туған күндерді тойлап жүргендер бар екенін айтты.
Бұл - инфекцияны жұқтырудың қаупін арттырады. Олар инфекцияны, осылайша, барлық өңірге тарата алады. Себебі отбасылық мерекелерге барлық өңірден туыстар жиналатыны белгілі. Осы сынды фактілер Алматы, Түркістан, Жамбыл, БҚО, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында тіркелді. Осы шараларды ұйымдастырушыларға қатысқан барлық тұлғаға айыппұл салынды, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавируспен күреске 60 млрд теңге бөлінді
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы