Заңгерлер елорда тұрғындарына тегін кеңес береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындарының отбасы-неке қарым-қатынасы, мүлікті бөліске салу, мұралық, еңбек, білім мәселесі бойынша тегін заңнамалық кеңес алуына болады. Бұл туралы Елорда инфо сайты хабарлады.
«7 қыркүйек күні сағат 09:30-дан 13.00-ге дейін «Татуласу» орталығында Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасының адвокаттары елорда тұрғындары үшін отбасы-неке қарым-қатынасы, мүлікті бөліске салу, мұралық, еңбек, білім саласындағы даулар бойынша тегін заң көмегін көрсетеді», - деп хабарлайды елорданың қалалық соты.Астаналықтарға тегін заңнамалық кеңес Ж.Нәжімеденов көшесі, 10/2 үй мекенжайында орналасқан «Татуласу» орталығында беріледі.
Байланыс телефондары: 77-97-64.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы