Қызылордалық кәсіпкер құбыр шығаратын өндірісті іске қосты
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордалық кәсiпкер Иcмаил Тyнжер сантехникалық, кәріздік және басқа да құбырлар шығаратын өндiрiсті iске қосты.
Оның кәсіппен айналысып жүргеніне 10 жылдан асты. Бастапқыда таyарларды алып-сатты, 2011 жылы "GaІaksі-Group" компаниясының облыстағы диллерi қызметiне келді. Қазіргі таңда Исмаил облыста пластикалық терезелерге қажет құралдарды жеткiзiп беретін iрi кәсіпкерлердiң бiріне айналды.
Исмаил жары Индира Жамалова екеуі бес бала өсіріп-тәрбиелеп отыр. Кәсiпкер енді отбасысымен бiрге жаңа өндiрiсті қолға алуға кірісті. Мамандармен кеңесіп, кәсіпті Шымкентте ашуды ойластырады, кейiн бұл ойынан айнып, Қызылорда қаласында жүзеге асырған тиімді екен деген шешімге келеді. Биыл қаңтарда Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы мамандарына жүгініп, кеңесін алып, жеңiлдетiлген несиені алудың қамын жасайды.
Кәсiпкерлер палатасы бөлімінің басшысы Жасұлан Серiковтің айтуынша, құбырлар өндіретін жобаның құны – 200 миллион теңге.
Кәсіпкер Исмаил Тунжермен жобаны қаңтар айы кезінен бастадық. Жoбаның құ ны 200 миллион тенгені құрайды. Бірлесіп құжаттарды дайындап жүргенде елде төтенше жағдай режимі енгізіліп, біраз қиындық туындады. Алайда кәсiпкер қиындықтарға мойыған жоқ. Табандылығын танытты. Карантин кезiнде өндiрiсiн iске қocты. Осы ретте, мемлекеттiк бағдарламаның аясында қаражатты алуына атсалысып, сапалы қызмет көрсеткен «Халық банктың» облыстағы филиалының қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді, – деді Ж.Серіков.
Жаңа өндірiс сәyiр айында ашылған болатын. Айта кетейік, оған қажет қаражаттың төртттен бiр бөлiгi – "Бизнестiң жол картасы" мемлекеттiк бағдарламасының шеңберінде 6 процентпен берiлді. Бұған қоса, кәсiпкер "Даму" қорынан алған несиесiне сyбсидия алады.
Исмаил Тунжер жеңiлдетiлген несие қаржысына шикiзат алмақ. Ал оны Түркия, Қытай мемлекеттерінен және Алматы қаласынан алдыртады.
Сантехника, кәрiз, сонымен бiрге басқа да құбырларды шығарамыз. Сатып алушылар, яғни сұраныс бар. Өз облысымыздан бөлек, Шымкенттен, Тараздан, Алматыдан, тіпті, Бiшкектен тапсырыс түсіп жатыр, – дейді кәсіпкер Исмаил Тунжер.
Ал Кәсiпкерлер палатасының бөлiм басшысы Жасұлан Серiков кәсiпкердің жаңа жобасы өңiрдiң экологиялық қаyiпсiздiгiне де үлкен үлес қосатынын жеткiзді.
Кәсiпкердің өз өнiмдерін шикiзаттан ғана емес, қолданып жүрген тауарларды да өңдеп жасай алатыны қатты ұнады. Мысалға, кәдеге жарамай қалған пластикалық терезелер мен басқа да заттарды қайта өңдейдi де жаңа өнiм ғып шығара алады, - дедi Ж.Серіков.
Кәсіпкер қазіргі таңда күнiне 3 жарым тонна өнiм шығаруда. Негізі өндірістің күн сайын 10 тонна өнім шығара алатын қуаты бар. Кәсіпкерлікте әзірше 12 адам еңбек етуде. Жоба толық іске қосылса, жұмысшы саны да артпақ.