Қызылордалық зілтеміршілер Қазақстан спартакиадасының жүлдесін жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүбірлі бəсекеде қызылордалық зілтеміршілер табысты өнер көрсетіп, 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль иеленді. Бұл туралы Қызылода қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
102 келі салмақта бақ сынасқан Илья Ильин жұлқа көтеруде 170, серпе көтеруде 200 келіні еңсеріп, қоссайыс қорытындысы бойынша 370 келіні бағындырды.Сонымен қатар, 109 келіде Александр Зайчиков 339 (153+186) келіні көтерді. Сөйтіп жерлестеріміз Қазақстан спартакиадасының алтын жүлдесін жеңіп алды. Ал, 61 келіде Азамат Төлеген (106+135=341) күміс жүлдені еншілесе, 76 келіде Динара Қыпшақбай (80+101=181), +76 келіде Айсамал Сансызбаева (99+130=229) жəне 96 келіде Рахат Бекболат (142+170=312) қола жүлдеге қол жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында патрульдік полиция қызметкерлері ЖКО-дан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетпек
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы