Қызылордада заңсыз балық аулағандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада заңсыз балық аулаған 3 азамат ұсталды. Бұл туралы Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"7 қыркүйекте Шиелі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі
аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлескен рейд барысында Бестам ауылының тұсындағы Телкөл каналының жағасында заңсыз электр тоғын пайдаланып, балық аулап жүрген Шиелі ауданының тұрғындары ұсталды. Ұсталған азаматтардан резеңке қайық, аккумулятор және 30 кг аса балық алынды", - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-тармағы бойынша (Балық ресурстарын заңсыз алу)
тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Егер ұсталғандардың кінәсі дәлелденсе, сот шешімімен олар белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу
құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу
жұмыстарына не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алынып, жазаланатын болады.