Қызылордадағы тігін фабрикасы медициналық маска шығара бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордадағы ерлер жейдесін тігетін фабрика 5 күннен бері медициналық маска шығара бастады, деп хабарлайды "Хабар 24".
Бұл істі дәріханалардағы бетперделердің тапшылығына байланысты қолға алып отырмыз. Фабрикада 50 адам жұмыс істейді. Олар тәулігіне 10 мың данаға дейін қорғаныс маскасын шығарады. Бүгінде бұл тауар түріне Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы қалаларынан сұраныс түсіп, 20 мың данасы сатылып үлгерген. Бетперденің бағасына доллар бағамына байланысты шикізаттың қымбаттауы да әсер еткен. Тігін фабрикасы директорының орынбасары медициналық бұйымның көтерме бағасы 60-80 теңге шамасында, - дейді кәсіпорын басшылығы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аймақта азық-түлік жеткілікті – Жеңіс Қасымбек
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы