Қызылордада вирус жұқтырғандар бұған дейін ауырған адаммен байланыста болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 2 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Ауру жұқтырған адамдардың біреуі – 67 жастағы әйел адам, енді біреуі – 26 жастағы ер адам. Екеуі де Шиелі ауданының тұрғындары. Олар коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Бекітілген алгоритмге сәйкес екінші мәрте алынған сынама коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті, – делінген хабарламада.Қазіргі таңда олар жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.
14.04.2020 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында КВИ жұқтырған 121 адам тіркелді: оның ішінде емделіп шыққандар саны ‒ 2, ем қабылдап жатқандар саны ‒ 119.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы