Қызылордада әкімдерге көшбасшылық лекциясы оқылды
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ.Қызылорда облысының әкімдеріне трансформациялық көшбасшылық жөнінде лекция оқылды.
«Әкімдер қандай көшбасшы болуы керек?» деген сұраққа ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында "Өңірлік дамуды трансформациялау" тақырыбында өткен семинарда облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Абзал Мұхимов жауап берді.
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің қатысуымен өткен семинар трансформациялық ойлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Департамент басшысы А.Мұхимов «Инновациялық мемлекеттік қызметті құрудағы трансформациялық көшбасшылық» мотивациялық дәрісінде ойлауды, ұйымдастырушылық қызметті, халықпен өзара іс-қимылды өзгерту қажеттілігі туралы сөз қозғап, қазіргі заманғы қауіп-қатерлер жағдайында заманауи басшы «Өзгерістер агенті» болуы тиіс екендігін атап өтті.
Бұдан әрі семинар цифрландыру, жеке брендинг пен тиімді бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алуларды басқаруға бағытталатын дәрістерді қамтитын болады.
Оқыту нәтижесімен әкімдер өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына бағытталған жеке жобалық жұмыстарын аймақ басшылығы алдында қорғайды.