Қызылордада көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеті таратылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қалалық пробация қызметкерлері "Pro bono" қоғамдық қорымен бірлесіп,  пробация есебінде тұратын 5 көпбалалы азаматшаның үйіне барып, оларға азық- түлік себеттерін таратты.

Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды, - демекші, жоқшылықтың кесірінен қателік жасадым. Әрине өкінемін. Өзім көпбалалы анамын. Үлкенім азамат болса, қалғандары мектеп жасында. Пробация есебіне тұрғалы маған әлеуметтік, медициналық көмек көрсетіп келеді. Осы азаматтардың көмегімен "Аспаз, кондитер" курсты толық аяқтадым. Карантинге байланысты үйде отырмын.Жаны жомарт жандардың арқасында азық- түлік әкеліп, қайырымдылық жасап жатсыздар. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысына, пробация қызметкерлеріне қызметтеріне абырой тілеймін, - деп алғысын жеткізді Алма есімді есептегі азаматша.  
Одан соң есепте тұратын 5 баласы бар, тұрмысы төмен отбасының үйіне бет бұрдық. Оларға да дәл осындай азық- түлік алып бардық. Балалардың қуаныштан жүздері бал-бұл жанып, көздері күлімдеп, хормен рахметін айтты. Бала көңілдің ризалығынан, періште жүректің алғысынан артық ештеңе жоқ.
Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есебінде 592 сотталған есепте тұр. Оның 99-ы әйел азаматшалар. Есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету пробация қызметінің басты міндеті. Жуырда пробация есебінде тұратын кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге де осындай азық- түлік себеттерін тараттық. Жыл басынан өз тарапымыздан да қоғамдық қорлардың демеушілігімен де көмектер көрсетіліп келеді. Бұндай көмектер осымен тоқтап қалмайды, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, - деді әділет капитаны  Ернияз Жеңіс.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы